• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда күні «Астана аспаны»  фестивалі өтеді 02.06.2014

Фестивальдің негізгі міндеті - табиғат аясындағыдай демалыс ауанын қалыптастыру, яғни әр астаналық өзін зеңгір аспан астында табиғат аясында сезінуіне қол жеткізу. Әсерлі әрі сан алуан бағдарлама барысында қатысушылар жандарына жақын шараларға тікелей ат салыса алады, деп шара ұйымдастырушылары хабарлады.

Ұйымдастырушылардың мақсаты саябаққа келушілердің көңілін көтеру ғана емес, оларды түрлі интерактивті ойын-сауыққа қатыстыру. Осылайша Астанадағы барлық саябақтар бір идеяға жұмылады. Алайда әрқайсысының өз бағыты бар:«Студенттік» саябақ - «Есімде қалған көк аспан» ретро бағдарламасы,   «Жеруйық»  саябағы -«Әлем жұлдыздары" этно-бағдарламасы, Ғашықтары саябағы - «Махаббат жылуы»,  Орталық мәдениет және демалыс саябағы - "Балалық шақ кемпірқосағы" арт-бағдарламасы.

Таңертеңнен кешке дейін әр саябақта ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Атап айтсақ, байқаулар, отбасылық спорттық сайыстар, флешмоб, шығармашылық шеберлік сағаттары, суретшілер көрмесі, көше театрларының көрсетілімі, ашық кинотеатрлар, шалғын шөпте демалыс аймағы, кешкі би, кинофильм қарау, театрландырылған перфоманс, ролик тебу және т.б.Келушілерге қолайлы болу үшін әр саябақта қоғамдық тамақтану нүктелері, тіпті "ауызашар" орындары қарастырылады. Белсенді демалушылар сонымен бірге, спорттық жабдықтар, балалар машинасын, велосипедті жалға ала алады.


Back to the list