• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылы бейбітшілік пен келісім жол картасы жұмыс пішінін  өзгертеді 05.06.2014

«Ассамблея барлық партиялармен меморандум құрды. Меморандум негізі ұлтаралық келісімді қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен бірлікке қаяу түсірмеу болып табылады. Аталмыш үш аспекті барлық келісімдерде, барлық жұмыс топтарында қамтылуы керек», - дейді З.Саяпова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда шамамен 60 мемлекет Қазақстан халқы Ассамблеясына жүгінген.

«Олар осы саладағы тәжірибеге қызығушылық танытып отыр. Өйткені ҚХА еліміздегі ұлтаралық және дінаралық келісімді ұстап тұр. Әрине, Ассамблеяның жұмыс жүйесі дамып келе жатыр. Келер жылы ұлттық палатада Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстандағы Бейбітшілік пен келісімнің жол картасын өзгешлеу форматта ұйымдастырады. Ондағы мақсат азаматтардың әрбірімен жұмыс істеу», - дейді ол.

Оның сөзінше, ҚХА үшін өңірлердегі жұмыс өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

«Ассамблеяның хатшылығы меңгерушісінің лауазымы көтеріліп, енді Д-2 санатына өтеді. Яғни, мемлкеттік қызмет лауазымы реестрі деңгейінде. Бұл дегеніңіз үлкен жауапкершілік. Сол себепті өңірлердегі жергілікті жұмыстарға айтарлықтай көңіл бөлінуде», - дейді З.Саяпова.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХА-ның XXI-інші сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікке облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы ҚХА Хатшылығы меңгерушісі лауазымын Д-2 санаты мен мемлекеттік қызмет лауазымы реестріне өткізуді тапсырған. 


Back to the list