• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкімет Өңірлерді дамытудың  бірыңғай бағдарламасын  мақұлдады 10.06.2014

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы өз құрамына: «Қолжетімді баспана – 2020», ТКШ жаңғырту бағдарламасы, «Ақ бұлақ» бағдарламасы, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасын қосады», - деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарламада шағын және қала маңындағы қалаларды дамыту шаралары енген.

«Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы 5 бағдарламаны құрамына енгізіп, күшейе түседі. Яғни атқаратын қызметтер саны ауқымдылана түседі», - деді министр.

Сондай-ақ, ол бұл бағдарламалар бизнесті қолдауға бағытталып, «Бизнестің жол картасы-2020» аясына енгендігін айтты.

«Бірыңғай бағдарламаны дайындау экономикалық біріктіру ғана емес, халықтың қажеттілігіне жауап беретін жағдайларды барлығын қарастыратын жоба», - деді ол.

Мадина Нұрбекова


Back to the list