12.06.2014
Toyota Fortuner автокөлігін шығаратын өндіріс орны «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-інің техникалық базасында ашылып отыр. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты бүгінгі күні Орталық Азиядағы Toyota көлігін шығаратын жалғыз өндіріс алаңы. Toyota компаниясы техникалық нұсқаулық пен барлық қажетті стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта кәсіпорын Toyota Fortuner автокөлігін шығаруға толығымен дайын.
Зауытта жылына шамамен 3 мыңға тарта көлік шығару жоспарланған. Жоба аясында жаңа жұмысы орындары ашылып, арнайы техникалық дайындықтан өткен 100 қазақстандық маман жұмысқа тартылмақ.