18.06.2014
«Қазақстан экономикадағы энергетика қамту көрсеткіші ең көп мемлекеттердің бірі, сонымен қатар елдің қуат тұтыну деңгейі де төмен емес. Бұл өз кезегінде қазақстандық өндірушілердің халықаралық нарықтағы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - дейді сарапшы.
Оныңа айтуынша, энерготиімділік қазақстандық экономиканың дамуына серпін беріп, азаматтардың әлеуметтік деңгейін арттыруға жол ашады.
«Соның ішінде Дүниежүзілік банк топтары үшін энерготиімділік басым салаларының бірі болып табылады және осы саладағы саясат экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, энергетикалық қауіпсіздікті арттырып, тұрақты экологиялық дамуға арқау болады. Менің пікірімше, ҚР Үкіметімен энерготиімділікті арттыру шараларын қолдауда әріптестік құру кереке», - дейді.
Осылайша, Шебнем Аккаяның айтуынша, Қазақстан энергетикалық тиімділікті арттыруға басымдылық беретін үш мемлекеттің бірі.
«Қазақстан осы сынды жобаларды іске асыруға алғашқылардың бірі болып үн қосуынан үміт етеміз. Осылайша жинақталған тәжірибені ел игілігіне қолдануға ниеттіміз», - дейді. Ш.Аккая.
Мадина Нұрбекова