• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда рационализаторлық ұсыныстардың байқауы жарияланды 01.07.2014

Байқауға табысты рационализаторлық ұсыныстары өндіріске енгізілген жеке тұлғалар және рационализаторлықты қолдауға негізделген жүйеге ие заңды тұлғалар қатыса алады.

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» республикалық байқауы «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» және «Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациялары бойынша өткізіледі, деп «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ хабарлады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. 1 орын - 2,5 млн. теңге, 2 орын - 1,5 млн. теңге және 3 орын – 1 млн. теңге.

Аталмыш шара 5 -ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. 2013 жылы 130 өтініш қабылданды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 26% көп.


Back to the list