02.07.2014
Қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Нұрмұханұлы Несіпбеков баяндама жасады. Ә. Несіпбековтың айтуынша, бүгінгі таңда облыста ауылдардың 19,4 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Республика бойынша бұл көрсеткіш – 45 пайыз, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
«2020 жылға дейін ауылдық жерлерді 80 пайызға дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ағымдағы жылы Екібастұз-Майқайың су сорғы станциясын салу аяқталады.
31 ауылдық елді мекенде жерасты су қоры бар, 21 бойынша – жыл соңына дейін қайта бағалау бойынша жұмыстар аяқталады», - деді Қанат Бозымбаев.
Ағымдағы жылы Ертіс ауданының Ертіс ауылында, Ақсу қаласының Жолқұдық ауылдық аймағында және Баянауыл ауданының Екібастұз- Майқайың су жүргізу бойынша 3 жоба іске асырылуда.