05.08.2014
«Нысандардың қысқы маусымға дайындығы мынадай: 12 жабдық, оның ішінде 5 энергоблок, 5 қазан, 1 турбина және 1 турбогенератор, 18 қазандық жұмысқа дайындалған, жылумен қамту желісінің 12,8 шақырымына күрделі жөндеу мен қайта құрастыру жұмыстары жүргізілген, 2411 көп қабатты тұрғын үйдің 1471-ін келер жылға дайындау қажет, бүгінде 957 көп қабатты тұрғын үй дайын тұр», - делінген хабарламада.
Облыстың әлеуметтік сала нысандары пайдаланатын көмір көлемі 2014-2015 жылға 161,7 мың тоннаны құрап отыр. Бүгінгі таңда тас көмірдің 21,4 тоннасы немесе жоспардың 41 пайызы жеткізілген.
Сонымен қатар мәжілісте «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның №3 ЖЭО қазанын жөндеу жұмыстарының төменгі қарқыны, сондай-ақ бірқатар аудандардың әлеуметтік сала нысандарын жөндеу жұмыстарының кестеден қалып отырғандығы сөз болды.