• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
11 мың тұтынушы бесжылдық энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеуде 06.08.2014

«Мемлекеттік энергетикалық реестр құрылды, біз оның құрамына электр энергиясын қолданатын ірі тұтынушыларды енгіздік. Қазіргі таңда олардың саны  11 мың тұтынушыға жетті, олар энергоаудит жүргізіп энергия үнемдеудің 5 жылдық бағдарламасын жасауға міндетті», - деді ол.

Оның айтуынша, реестр негізін өндірістік сала құрап отыр, ол ел энергиясының 70 пайызын қолданады.

«4 мыңнан аса ірі кәсіпкерлік энергоаудит жұмысын бастады. Реестр негізін өндірістік сала құрап отыр, ол ел энергиясының 70 пайызын қолданады.Халық 12 пайызын, көлік секторы – 5 пайызды қолданып отыр. Сондықтан да біз 50 ірі кәсіпкерлікке назар аудардық», - деді ол.

Министр атап өткендей, осы орайда 5 қазақстандық  ЖОО энергия үнемдеу бойынша ашылды, ол жерлерде 100 маман дайындалды.

«2020 жылға дейін энергия үнемдеу бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Энергия үнемдеу институттары құрылды», - деді ол.

Индира Кауметова


Back to the list