01.09.2014
«Оқушылардың еңбекгіне табыс пен ата-аналарға денсаулық пен тек жақсылық тілеймін», - деді Елбасы жаңа көппрофильді №75 мектеп-гимназиясының ашылу салтанатында.
«Балалар патриот, толерантты, достыққа адал, ата-ана мен үлкендерді сыйлайтын, кішіге ізет көрсететін тәрбиелі болып өсулері керек. Бұл біздің қоғамның мақтанышпен айтар қасиетіміз. Ол біздің, қазақстандықтардың қасиеті», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, осынау мықты достық пен тұрақтылықтың арқасында осынау биікке көтеріліп отырмыз, сол үшін осы қасиетті ұрпаққа үйретуіміз керек.
«Биыл ел бойынша 153 мектеп салынды. Соның 63-і бүгін есіктерін ашып отыр. Тәуелсіздік жылдарында біз мыңдаған мектеп салдық. Бүгін білім күні Қазақстан бойынша 7600 мектепке 2 млн 600 мыңдай оқушы барып отыр», - деді Президент.
Камила Амирова