02.09.2014
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту аясында жобаларды несиелендіру туралы келісімге қол қойылып, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл мен Қостанай облыстарындағы моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамыту аясында несие ресурстарын беру туралы келісім түзіліп, 599,1 млн теңге көлемінде қарыз беру туралы шешім қабылданды.
Енді Қарағанды, Алматы, Атырау мен Ақмола облыстарының әкімдіктерімен 782,1 млн теңгенің келісім және несие келісімдерін құру жоспарлануда.