05.09.2014
Назарбаев Университетінің зияткерлік-инновациялық кластерін дамыту аясында Университеттің «Астана Бизнес Кампус» ғылыми паркі жанынан «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративті ғылыми-зерттеу орталығын құруды жоспарлауда.
«Назарбаев Университеті» айналасына және жанына Инновациялық кластер құрылысын қолға алу ұлттық жоба болып табылады. Университет аумағында технопарк құрылысы басталды. Технопарктің салтанатты ашылуына ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты. Технопарк жұмысқа кірісіп кетті, алдағы уақытта кластер қолға алынбақ. Ол университеттің 50 гектар жеріне салынбақ. Келер жылдан бастап жоба құрылысы басталады», - дейді Шигео Катцу.
Тараптардың айтуынша, ынтымақтастықтың осынау моделі ғылым мен бизнес арасында өзара байланысты құруға мүмкіндік беріп, ол өз кезегінде зерттеу инфрақұрылымын құруға жол ашпақ. Ондағы мақсат ұлттық компанияның инновациялық-технологиялық әлеуетін арттыру мен ғылыми нәтижелерге қол жеткізу.
Орталық төмендегі басым салалар бойынша жұмыс істейтін болады: химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібіне шикізат өндіру, жаңартылмалы (жасыл) энергия, «жасыл» құрылыс, энергетикалық тиімділікті арттыру мен оны өндіру.
Сонымен қатар, бүгін Астанада «Назарбаев Университеті» АБҰ мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Камила Амирова