• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көкшетау қаласы  жылу беру  маусымына 91% дайын – әкімдік 15.09.2014

Қазіргі таңда магистральді желілердің 1,9 шақырымы жөндеуден өтті. Бұл жалпы жұмыстың 91%-ы. Ал пәтерішілік желілердің 98%-қалпына келтірілді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді күзгі-қысқы кезеңге дайындауды күшейтудің барлық шаралары қолға алынды. Әлеуметтік сала нысандарының дайындық актісі 167-нің 156-сын  құрайды.

Тұрғын үй құрылысы саласында жалпы ауданы 46,7 мың шаршы метр болатын 21 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, соның 13-і биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қала әкімі Көкшетауды абаттандыру мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, облыс орталығында дыбыс және жарық шығаратын құрылғы орнатылған субұрқақ жөндеуден өткен. Жағалау ретке келтіріліп, 10 тұрғын үй ауласы жөнделді, 1,5 түп ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар, 7 спортты алаң салынған шағын аудандардағы 12 ауланы абаттандыру аяқталуда.

«ТКШ жаңғырту бойынша 55 пәтердің 25 отбасына зардап көлемін жабатын жәрдемақы берілді. Барлық тұрғындарға осындай көмек көрсетілмек. Қалалық бюджет есебінен мердігер ұйымдар тарапынан халыққа көмек беріледі. Оның жалпы құны 5,4 млн теңге болмақ», - дейді әкім.


Back to the list