• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҒМ ғалымдарға  өнеркәсіптік түптұлғаны құру үшін 74 млн теңге бөлуге әзір 16.09.2014

«Құжаттарды қабылдау 16 қыркүйектен басталып, 15 қазанға дейін созылады. Байқауға  жеке тұлғалар және жеке тұлғалар тобы да қатыса алады. Бағдарламада гранттың екі типі жарияланған. «Тұжырымдаманы негіздеу» - 22 млн.теңге сомасына дейін. Іске асыру мерзімі 6 айға дейін. «Өнеркәсіптік түптұлғаны құру» 74 млн.теңге сомасына дейін. Іске асыру мерзімі 12 айға дейін», - деп хабарлады «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС.

Жеңімпаздарды ұлттық және шетелдік сарапшылар және арнайы комиссия анықтайды.

Қазақстанда «Технологияларды коммерцияландыру» Жобасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен жасасқан қарыз туралы келісім аясында 2008 жылдан бастап іске асырылуда. 2008 - 2013 жылдар аралығында 4,5 млрд. теңге сомасы көлемінде 33 инновациялық жоба қолдау алды, ал Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті негізінде халықаралық материалдарды жүргізу орталығы құрылды.

 


Back to the list