• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да биоэнергетикалық қондырғы  құрылысының алғашқы жобасы жүзеге асады 26.09.2014

«Шымкент инновация» ЖШС мамандары құс фабрикасының органикалық қалдықтарын өңдеуге арналған биоэнергетикалық құрылғының тиісті нұсқасын анықтады. Аталмыш нұсқа «Ордабасы құс» ЖШС мен «Шымкент құс» ЖШС тарапынан ұсынылды. Қыркүйекте «Шымкент құс» ЖШС-де биоэнергетикалық қондырғы құрылысы басталды», - делінген хабарламада.

Биоэнергетикалық қондырғы құс қиынан жанармай тезектерін дайындайды. Осыны қолдана отырып құс фабрикасы өзін өзі электр энергиясымен қамтамасыз етпек.

«Шымкент инновация» ЖШС хабарлауынша, қазіргі таңда биологиялық қалдықтардан биогаз бен биологиялық тыңайтқыштар дайындау жобасын енгізу бағдарламасы қарастырылуда.


Back to the list