18.09.2014
«Алдағы бірнеше жылда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы күн тәртібінен түспек емес. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену кісі басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсуімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар, онда халықтың жоғары өмір сүру деңгейі мен денсаулық жайы да ескеріледі», - дейді вице-премьер.
Оның айтуынша, сапалы медициналық көмек бірінші кезекте медицина мамандарының жоғары біліктілігіне байланысты.
Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықованың айтуынша, салауатты өмір сүру салты мен аурудың алдын алуға байланысты ақпараттық жұмыстарды күшейту керек.