18.09.2014
Облыстың Алматыға жақын аймақтары жекелеген жағдайларда жер телімдерін белгіленген мақсатынан тыс пайдалану жағдайлары кездесіп жатады. Құрылыс нормалары мен ережелері сақталмайды. Атап айтар болсақ, ерекше қорғаудағы табиғи аймақтар, қорғаудағы аймақтар және өзге де тиым салынған аймақтар салынған. Шаруа қожалықтарына арналған жерлер көпшіліктің жекелеген тұрғын үй құрылыстарының алаңына айналып кеткен.
«Осыған орай, тез арада ҚР жер телімдерінің мақсатты бекітілуі мен олардың сегментациясын өзгерту туралы заңнамасының бұзылу деректерін бірлесе анықтау жұмыстарын жүргізіп, тиісті тәртіппен осы жағдайларды ретке келтіру қажет», - дейді А.Есімов.
Жиынға қатысушылар көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де баса назар аударды. Алматы әкімі қала шекарасынан 50 шақырым радиуста қала маңының бағыттық автобустарын ұйымдастыру тапсырмасын қолға алуды ұсынды.