26.09.2014
«Аймақта дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2014 жылы Қазақстандағы жалғыз спорт кластерінің құрылысы аяқталды. Осы жылы ШҚО-да 50 спорт нысанын салу жоспарланған. Бұқаралық спорт халықтың 28 пайызын қамтиды», - деді ол.
Айта кетерлігі, денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің тұрақталуы байқалады. Бұл саланы қаржыландыру көлемі 2014 жылы 50,8 млрд теңгені құрады, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары. 3 млрд теңгеге 19 нысанның 10-ы салынды.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін ШҚО-да пайдалануға 23 СВА беріледі, қазіргі таңда оның 19-ы жұмыс істеуде.
Индира Қауметова