01.10.2014
Қала әкімдігінде хабарлағандай, қазіргі кезде Алматыда 35 этномәдени бірлестік, 5 ұлттық театр, 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, 8 тілде баспа өнімдері шығады.
Мегаполис басшысы этномәдени құрылымдар институты өзінің өміршеңдігін толық дәлелдегенін айтты. Соның арқасында этникалық топтар мүдделері қорғалып, этникааралық және конфессияаралық келісім қамтамасыз етілді.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басты бағыты қазақстандық халықтың бірлігі, толеранттық пен бейбітшілік екендігін анықтады. Соның арқасында Қазақстанда мемлекеттік қалыптасу барысында ұлттық және діндік шиеленіс болған емес. Тіпті, біздің еліміз әлемдік қоғамдастық қолдаған халықаралық бейбітшіл бастамаларды алға жылжытып келеді. Біз бүгін өзара түсіністік пен өзара құрметке негізделген ерекше қоғам орнатқанымызды толық сеніммен айта аламыз», - деді Ахметжан Есімов.