• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Үкіметі БҚО-да газ тарифының бағасын бақылайды 03.10.2014

«Көгілдір отын бағасы өңірдің өзекті мәселелерінің бірі. Тұрғындар бір текше метр газға 16,61 теңге төлейді. Қымбатшылықтың басты себебі біздегі бұл мәселенің Орынбор газ өңдеу зауытымен байланысты болуы. Ал Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында өңдеуші қуаттары өз аумақтарында», - деп әкім газ бағасының қымбатшылығын түсіндірді.

Оның айтуынша, өңірдегі көгілдір отын қымбатшылығы Қазақстан Үкіметі мен тиісті ведомствада қаралған.

«Мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар біздің тұтынатын газдың тек 46 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. Қазіргі таңда біз компаниялармен өңір халқына жеткілікті мөлшерде газ өндіру жұмыстарын пысықтап жатырмыз», - дейді әкім.

«Бұл жүйелі мәселе. Нақты шешімі қашан болатынын мен кесіп айта алмаймын. Қазіргі таңда Үкімет, ҚР Энергетика министрлігі мен әкімдік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр», - дейді.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, газ тұтыну көрсеткіші  маусымына байланысты 800 млн мен 1 млрд текше метр аралығында.

Камила Амирова


Back to the list