• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ресейде Қазақстандық модульмен алғашқы күн электростанциясы ашылды 03.10.2014

«Бұл біріңғай экономикалық кеңістік аясындағы жаңартылмалы қуат көздері саласындағы қазақстандық және ресейлік бизнестің интеграциясындағы алғашқы қадам. Қазақстанда өндірілген фотоэлектрлік модульдер Ресей Федерациясындағы жаңартылмалы энергетиканы дамыту бағдарламасы бойынша салынып жатқан күн электр станциялары тарапынан кеңінен қолдау табады деп үміттенеміз. Ол үшін Кедендік Одақ елдерінде өндірілген фотоэлектрлік модульдерді тасымалдау талаптары бойынша техникалық кедергілерді алып тастау мақсатында ҚР мен РФ заңнамалық базасын біркелкі ету жұмыстары басталды», - дейді «Astana Solar» ЖШС бас директоры Вячеслав Советский.

250 кВт қуатқа ие «Наримановская» күн электростанциясы 2014 жылдың 29 қыркүйегінде іске қосылды. Күн электростанциясы күн жылу станциясының қазандығымен қуат бөледі. Осылайша 13 мыңдай тұрыны Нариманов қаласын ыстық сумен қамтамасыз етеді. Оның алып жатқан орны 5000 шаршы метр. Генератор жүйесі 240 Вт-тық 1060 күн модулінен тұрады. Оны өндіруші «Astana Solar» ЖШС.

Нысан Астрахан облысының күн станциясы желісі құрылысы аясында Bright Capital басқарушы компаниясы тарапынан құрылған.


Back to the list