10.10.2014
Форумда сөз сөйлеген Алматы әкімі Шығыс Қазақстан облысы мегаполистің негізгі серіктесінің бірі екендігін айтты,деп хабарлады қала әкімдігі.
«Бүгін Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы өңірлік экономиканы модернизациялау мен индустриалды-инновацияны дамытуда ұқсас міндеттерді шешуде. Өткен жылы алғашқы бизнес-форум біздің өңірде өтсе, міне биыл Шығыс Қазақстан алматылықтарды өзінде қабылдап отыр», - деді Ахметжан Есімов.
Ахметжан Есімов Алматының тауар өндірушілері Шығыс Қазақстандықтардың нарығына қызығушылық білдіретіндігін де айтты. Мысалы, 2014 жылдың 8 айы ішінде «Нобел АФФ» фармацвтикалық компания шығарған өнім көлемі 300 млн. теңгеден 450 млн. теңгеге, ал «МаслоДел» ЖШС- өнімі 400 млн теңгеден 500 млн. теңгеге артты.
Алматы қаласының ШҚО-дағы мәдени күндері аясында ҚР-ның еңбегі сіңген мәдениет қызметкерлерінің, Абай атындағы МАТОБ-тың опера солистерінің, «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің қатысуымен гала-концерт өтті.