11.10.2014
«Жаңа құрал – инвестициялық субсидия. Бұл ретте құны 20 млн долларлық жобалар сөз болып отыр. Егер де 20 млн доллар инвестиция құятын болсаң, онда кәсiпорын қуаттылық көрсеткiштерiне қол жеткiзгенде 30%-ын мемлекет қайта төлейді», - деді А.Рау.
Оның айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың 100 құралы бар.
«Машина жасау саласы үздiк нәтижелердi көрсеттi. Екiншi бесжылдықта Ресей нарығы жылына 3 млн жаңа машинаға жетсе, бiздегi көрсеткiш 10 есе төмен болуы тиiс. Әзiрге бiздегi көрсеткiш 180 мыңды құрап отыр, сондықтан бiз алдымызға өндiрiс көлемi бойынша келесi бесжылдықтың соңына қарай жылына 200 мың автокөлiкке жеткiзу мақсатын қойып отырмыз», - дейдi А.Рау.
Вице-министр Кеден одағының ортақ нарығына 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оқшаулау көрсеткiшi 50%-ды құрайтын автокөлiк модельдерiнiң ғана шығарылатынын тiлге тиек еттi.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Кедендік одақ әріптестерімен бірге КО елдеріндегі өндірілген компоненттерді таратпау бойынша келісім орнатылған.
Камила Амирова