• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қаңтар-қыркүйек айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 2,6%-ды құрады 19.10.2014

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4373,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 5,5% артық.

Өндіріс  көлемі қолданыстағы бағаларда 0,2% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,3%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 5,2% төмендеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,8% артты.2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1695 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,5% артты.2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,9%-ды құрды.2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 349,9 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,1% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 182,5 млрд. жкм құрап, 6,6% артты.2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 109%-ды құрады.

«2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 4179,9 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,2% өсті», - делінген хабарламада.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 11196,4 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,8% артты.

 


Back to the list