• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Француздық әріптестер Қазақстанның үш саласына  инвестиция құюға кепілдік беріп отыр 17.10.2014

«Бұл кездесу біздің тәжірибе алмасуымызға мүмкіндік беріп, инновациялық жобаларды ілгері  дамытып, экономиканы, көлік, ғарыш, авиация, қоршаған орта салаларын әртараптандыруға жол ашады», - дейді Матиас Фекль.

М.Фекльдің айтуынша, қазақстан-француз ынтымақтастығы Қазақстанға айтарлықтай инвестиция тартып, соның ішінде жоғары технологиялар секторын да қамтымақ. «Атап айтар болсақ, ол ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен туризм саласы. Бұл үш сектордың біздің ынтымақтастығымыздың күре тамыры», - дейді ол.

«Франция тәжірибесі Қазақстанның туризмін дамытып, қалалардың тұрақты дамуына ықпал етеді. Біз Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесі мен Алматыда қысқы олимпиада ойындарын өткізу туралы ниетін қолдаймыз», - дейді ол.  

Камила Амирова


Back to the list