17.10.2014
Қазақстан ұлттық құрамасы 84 медаль алып келді. Соның ішінде олимпиада дисциплинасы бойынша 26 алтын, 19 күміс және 31 қола медаль болса, олимпиадалық дисциплинадан тыс спорттар бойынша 2 алтын, 4 күміс пен 2 қола алды.
«ҚР Үкіметі атынан Азия ойындарының барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінде біз Азия мемлекеттері арасында үздік құрамалар қатарынан көрініп, бірнеше рет көк байрақты көкте желбіретіп, ел әнұранын Корей түбегінде шырқаттық. Алдағы уақытта да кәсіби спортты жан-жақты қолдап, бапкерлерге жағдай жасап, бұқаралық спортқа да көңіл бөлеміз. Осы жеңісіміз біздің Олимпиада ойындары мен өзге де жарыстарда биіктен көрінуімізге серпін бермек», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Инчхон қаласында өткен болатын. Оған Азияның 45 елінен 10 мыңға жуық спортшы қатысты. Спорттың 50 түрінен 437 марапаттар кешені сарапқа салынды. Соның ішінде 28 ел спортшыларына спорттың әр түрінен алтын алқа бұйырды.
Индира Қауметова