24.10.2014
««KEGOC» АҚ белгіленген мерзімде электр жеткізу желілерге жоспарлы жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындады, апаттық қор құрылғыларды, материалдарды және запас бөлшектерді толықтырды, трансформатор майының және ЖЖМ (жану және жағу материалдары) қажетті запастарын жинақтады», - делінген хабарламада.
Дәл қазіргі уақытта, ұзындығы 2789,5 шақырымға созылатын 220-500 кВ электр жеткізетін 113 әуе желісіне және 220-500 кВ қосалқы станцияларының 86 құрылғы нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын 77 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді.