• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жастардың ресурстық орталықтарына 2014 жылдың басынан бері 15  мың адам жүгінді 22.10.2014

«Біз жастарды қандай жұмыс жасалып жатқандығы туралы ақпараттандырамыз. Қазіргі таңда 15 мыңға жуық адам ресурстық орталықтарға жүгініп, барлығы ақпраттандырылды. Штаттағы қызметкерлер саны 1400 адамға тең», - деді Е.Үйсімбаев.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жастардың ресурстық орталықтарын құру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі.

«Жыл соңына дейін тағы 225 жастар ресурстық орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Департамент директорының орынбасарының айтуынша,  қазіргі таңда елдің 12 аймағы қамтылды, ол өңірлерде жастардың ресурстық орталықтары жұмыс істеуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратынша,  2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «жастар тәжірибесінен» өтуге 1,3 мың түлек жіберілді. Бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық саны 0,9 пайызға қысқарды.

«Жастар ұйымдары коммерциялық емес құрылымға ие. Біздің жастар ресурстық орталықтары аудандарда, қалаларда, ауылдық округтарда коммуналдық мемлекеттік мекеме құқықтық-ұйымдастыру құрылымына ие. Олардың міндетті қызметі бекітілген, олар сол бойынша жұмыс істеуде. Біз бұл жүйені құрып, қорытындысына әсер ете аламыз», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list