• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қостанай облысында 2014 жыл соңына дейін 240 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады – әкім 31.10.2014

«Құрылыс индустриясын дамыту тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешге оң әсер етпек. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының барлық жұмыстары кестеге сай орындалуда. Жыл басынан бері 171 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 14 пайызға артық. Жыл соғына дейін жоспар артығымен орындалып, 246 мың шаршы метр тұрғын үй өз иелерін таппақ», - дейді әкім.

Сонымен қатар Н.Садуақасовтың айтуынша, Қостанай облысындағы құрылыс саласы да жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2011 жылы 84-тен 2014 жылы 145-ке жетті. 

«2013 жылдың желтоқсан айында 450 мың тонналық қуаттылыққа ие шағын сұрыпты прокат өндірісі жобасы іске қосылды. Неміс технологиясы бойынша 70 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылысы комбинаты салынды. Рудныйда жылына 500 мың тонналық цемент зауыты құрылысы аяқталуға жақын», - дейді.

Индира Қауметова


Back to the list