• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде көші-қонды реттеу  мәселелері талқыланды 06.11.2014

«Іс-шараға қатысқан мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық және зерттеу ұйымдарының өкілдері көші-қон мәселелерін шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру барысы мен ел ішіндегі көші-қон ағындарының мониторингілеу және реттеу саласындағы шараларды өңдеу қажеттілігін талқылады», - делінген хабарламада.

Көші-қон ағындарын реттеудің халықаралық тәжірибесін (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей Федерациясы және т.б.) сөз еткен қатысушылар қазіргі ішкі көші-қонды мониторингілеу тәсілінің (кеңестік тәсіл) ескіргенін және қазіргі жаңа Қазақстандық нарықтық экономика талаптарына сай келмейтінін атап өтті.

Орта Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы Деян Кесерович ішкі көшіп-қонушылар мониторингі жұмысшының салық төлемдерін бақылау жолымен жүзеге асырылатын Сербия Республикасының тәжирибесімен бөлісті.      

 


Back to the list