07.11.2014
«Арнайы орталықта балалар мамандардың көмегін ғана алып қоймай, әлемді жаңа қырынан тани бастайды. Айта кетерлік жайт, Орталықтың ашылуы Шу және Қордай ауданындағы екі балабақшаның ашылуымен тұспа тұс келді», - делінген хабарламада.
Басқармадан атап өткендей, Шу ауданында 374 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның ішінде 70-і церебралды сал ауруы диагнозы қойылған балалар. Олар оңалту мен бейімдеуді басқалардан көбірек қажет етеді. Осы уақытқа дейін оларға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуемттік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері көмектесіп келді.
«Елбасының халыққа Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес ауданда кембағал жандарға барынша көмек көрсетіліп келеді. Облыс орталығында, аудандарда, оның ішінде Шу ауданында оңалту орталықтары ашылуда. Мұнда балаларға барлық қызмет түрі көрсетілетін болады, оның ішінде инватакси қызметі де бар», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.
Оңалту орталығының басшысы Естай Қыстаубаев хабарлағандай, облыстық бюджеттен 27,4 млн теңге бөлінді, оның 12,8 млн ғимаратты қайта жөндеу жұмыстарына бағытталды. Ал, қалған қаражат құрал жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. «Орталық психоневрологиялық және қозғалу аппараты сырқатына шалдыққан 25 балаға есептелген. Олармен бірге психологтар, дефектологтар, логопедтер, массажистер мен өзгеде мамандар жұмыс істейді - барлығы 33 маман. Екі ойын және жатын бөлмесі, асхана және физикалық дайындық бөлмесі қарастырылған», - деді ол.
Бұдан басқа Шу ауданында 280 орынға есептелген балабақша ашылды. Оның құрылысы 2013 жылдың сәуір айында басталған болатын, ал жобалық құны 586,9 млн теңгені құрады.
Е. Манжуов атап өткендей, аудан бойынша 2010 жылдан бастап «Балапан» бағдарламасы аясында 82 балабақша және 138 шағын орталық ашылды. Бүгінгі таңда 392 мектепке дейінгі мекеме бар. Мектепке дейінгі біліммен 1 және 6 жас аралығындағы балалардың 48,1 пайызы, ал 3 және 6 жас аралығындағы балалардың - 70,7% қамтылған.