• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да бірлескен инвестжобаларды жүзеге асыру үшін 157 млрд теңгенің 17 меморандумына қол қойылды 11.11.2014

Форумға әлемнің 16 елінен 300 іс адамы қатысты, олардың арасында Ресей, АҚШ, Германия, Италия, Польша мен өзге де мемлекеттердің кәсіпкерлері бар. Сонымен қатар Қазақстанның қаржы институттарының 150 өкілі мен жергілікті 200 кәсіпкер шараға ат салысты.

Хабарламада айтылғандай, шара аясында ОҚО әкімдігі, Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастығы кеңесі мен «Қазақстан-польша әріптестік платформасы» қауымдастығы арасында өңірде агро-индустриялдық кластер құру бойынша, оңтүстік кореялық «Daedong» компаниясы мен «ЖилСтройИндустрия» ЖШС арасында трактор зауыты құрылысы бойынша, «Казмедприбор Holding» ЖШС мен «ShimadzuEuropa GmbH Corporation» жапон компаниясы арасында рентгенографиялық және электронды медициналық құрылғы, медициналық жиһаз және жедел жәрдем көлігін жарақтандыру зауытын салу бойынша, «KazKorean Textile» ЖШС мен «Shamrock» түрік компаниясы арасында кешенді текстиль фабриасын құру туралы құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар қатысушылардың назарына алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланып отырған 30 инвестициялық жоба ұсынылды. Олардың арасында Қазақстан инновациялық институтын құру, 100 МВт-тық күн фотоэлектр станциясы құрылысы, мұнай өңдеу зауыты мен өзге де жобалар бар.

 

 


Back to the list