14.11.2014
Шараның басты мақсаты қазақ ұлтының кешенді этномәдени, этнографиялық және этноәлеуметтік зерттеу нәтижелерін жариялау, «Қазақ ұлты мен қазақ(стан) бірлігі: құрылу тарихы мен заманауи үдерістер» тақырыбында монография жазу ұсыныстарын дайындау мақсатында ондағы таласты мәселелерді анықтау.
«Кездесу басында жоба жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты Тимар Козырев кіріспе сөз оқыды. Онда болашаққа иелік ету үшін өткеннің тарихын білудің маңыздылығына тоқталды», - делінген хабарламада.
Кездесуде сонымен қатар Б.Аяған (Мемлекет тарихы институты), Р.Абдрахиева (әлеуметтану магистрі), М.Сыдықназаров (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы заманауи зерттеулер орталығы директоры), Д.Косназар (Назарбаев орталығы) қатысты. Өз баяндамаларында олар қазақ халқының құрылуы, «қазақ» сөзінің пайда болу тарихы, ел аумағында мұсылмандықтың тарауы, қазақ ұлтының бірлігі мен олардың руға бөлінуі қамтылды.
«Сараптама комиссиясына оқымыстылар мен ғалымдар кірді. Олардың арасында Козырев Т. А, Ақсақалова Г. А. – ғылыми кеңесші, Темірғалиев Р. Д. – Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, Құлжанова Г. К. – саяси ғылымдар докторы, Жаманғұлов К. Э. – әлеуметтану ғылымдарының докторы кіреді. Олардың міндеті қазақ халқының қалыптасу тарихы мен ауыз әдебиетін зерттеу», - дейді ұйымдастырушылар.