14.11.2014
«Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңгеге барлығы 23 жоба іске асырылды. Шамамен 2 мың жұмыс орны ашылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.Пайдалануға берілген 23 жобаның ішінен:12 жоба жобалық қуаттылыққа шықты;9 жобаның жүктемесі 50 және одан төмен пайыз;2 жоба тоқтап тұр», - деді ол.
2014 жылы сметалық құны 104,9 млрд. теңге болатын және жаңадан 902 тұрақты жұмыс орны ашылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланды.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістермен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, оған шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 233 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 9,5 млрд. теңге мөлшерінде салықтар төленді. 1000-нан астам жұмыс орны ашылды.
«2014 жылы жалпы құны 5 млрд. теңге болатын, 365 жұмыс орны ашылатын 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланды. 2015-2017 жылдары жалпы құны 375 млрд. теңге болатын және 7000-нан астам жұмыс орны құрылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланған», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, оларды жандандыру үшін АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде АЭА-тың №3 кіші аймағы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, ал №1 кіші аймақ бойынша жұмыстар жүргізілуде.