21.11.2014
Бішкекке сапар барысында қазақстандық делегаттар шекаралас жатқан мемлекеттер мен екі облыс арасындағы гуманитарлық және сауда-экономикалық салалары бойынша серіктестікті нығайтуды талқылады.
Аталған қалада Жамбыл облысы және Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Шу облысы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қойылған меморандум шеңберінде шекаралас облыстар малды айдап шығаратын дәліздердің құрылысын бастау, Жамбыл облысының басшылығы Қырғызстан мемлекетінен облыс аймағындағы сүт өңдеумен айналысатын өнеркәсіп орындарына сүтті жеткізіп, өткізуге байланысты сұрақтардың шешілуіне жәрдем беретін болды.
«Бұдан бөлек, екі жақ сауда-саттық саласындағы маңызды мәселелерді шешуге тырысты. Бұл Шу облысының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің азық-түлік тауарларын ешбір кедергісіз Жамбыл облысының сауда нүктелеріне жеткізу және Жамбыл облысында Қырғыз елінің кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге ықпал ету», - делінген хабарламада.
Сапар барысында қазақстандық делегаттар су шаруашылығы мәселесі бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Меморандумға сәйкес Қырғызстан Республикасы су ресурстарын кедергісіз бірігіп басқаруға және су бөлуді қадағалауға, Жамбыл облысындағы Қордай мен Меркі аудандарын үнемі сумен қамтамасыздандыру шараларын қолға алды.
Сонымен қатар, «Достықта жоқ шекара» атты шекаралас ынтымақтастық фестивалін және «Ата жұртты аңсау» атты Қазақстан елінде тұратын отандастардың кездесулерін өткізуге уағдаласты.
Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 ай ішінде Жамбыл облысының Қырғызстан Республикасының аймақтарымен сауда айналымы 167,7 млн АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, Жамбыл облысының сауда орындарында Қырғыз елінің 5 мыңға жуық азаматы еңбек етуде.