• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Канадалық инвесторлар Ақмола облысында 100 мың доллар болатын екі жоба құрылысын бастауды жоспарлауда 21.11.2014

«Кездесуде шетелдік меймандар Ақмола облысының Зеренді ауданында 5000 басқа арналған шошқа өсіру кешені мен жылына қуаты 12 мың тонна құс етін шығаруға бағытталған фабрика ашуға ниетті екенін айтты», - делінген хабарламада.

 Құны 100 мың АҚШ доллары болатын екі жоба құрылысын инвесторлар келесі жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отыр. Жоба іске қосылғаннан кейін, шошқа мен құс еті ең бірінші Астана нарығына жол тартады, жоспарда сондай-ақ   Ресей мен  Қытайға экспорттау мәселесі де тұр.

 Өз кезегінде облыс әкімі, шет елдік инвесторлардың басатамасын қолдап, жобаны жүзеге асыру барысында  ҚР барлық заңнамасы мен экологиялық талаптарын қатаң сақтау керек деп ескертті. Екі жобаны кәсіпкерлер 2016 жылы толықтай іске қосуды жоспарлап отыр.  


Back to the list