21.11.2014
«Олар 6 бағытта: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету; әлеуметтік ғылымдар; экономика және бизнес; құқық, жаратылыстану ғылымдары; ауыл шаруашылық ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология (67 мамандық) бойынша бітіруші курстарының студенттері қатысты», - делінген хабарламада.
Рәсімге өтініш берген 51 137 студенттің 46202-сі қатысты. Оның ішінде 27 107 қазақ бөлімінің, 19 095 орыс бөлімінің студенті.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тестілеуді объективті және ұйымдасқан түрде өткізу үшін базалық ЖОО-ларға арнайы оқытылған Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін анықтады.
Рәсім жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған 2 базалық және 2 бейінді пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, тестілеу орыс және қазақ тілдерінде откізілді.
Ең жоғары 200 балдан республика бойынша жалпы орташа балл – 81 балл болды.
Мониторингтен алынған мәлімет пәнді оқытуды жақсартудың әдістемелік нұсқаулықтың негізі болып табылады, сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында мамандарды дайындауда білім беру ұйымдарының рейтингісін анықтау үшін қолданылады. Сырттай бағалау нәтижесі республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада көрсетіледі.