• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағанды облысында 40 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 22.11.2014

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар бөлуде. Ұлт Көшбасшысының тапсырмасымен Мемлекеттік тұғын үй құрылысының жобасы жасалып, осыдан екі жыл бұрын «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жұмысын бастады», - деді аймақ басшысы салтанатты ашылу барысында.

«Өз сөзінде Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысында тұрғын-үй құрылысы өз жылдамдығын жоғалтпағанын жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда 260 мың шаршы метр тұрғын-үй салынған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары», - делінген хабарламада.

Мұның ішіне осы 40 шаршы метр үй де кіреді. Тұрғын-үйді қайта құру үшін бюджеттен 136 миллион теңге бөлінген. 

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы 2011-2013 жылдар арасында Приозерск қаласының кешенді даму жоспары барысында салынған нысандарда болып қайтты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы моноқаланың қысқа дайындығын да тексерді. Сапар барысында облыс әкімі Балқаш көлінің бойында орналасқан, 2015 жылы құрылысын аяқтауға жоспарланған Санаторий кешенінің жұмыс барысымен танысты.

Жиын соңында аймақ басшысы Приозерск қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы үдерісін оңды бағалап, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек деп айтты. 

 


Back to the list