21.11.2014
«Энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру заңы алғашқы қадамды жасады – ол шамды қыздыруға тыйым салу. Егер аталмыш сектордың әлеуеті туралы айтатын болсақ, ол тұтыну бойынша еліміздің жалпы электрэнергияны тұтыну көлемінің 10%-ға жуық бөлігін құрайды. Мемлекет энерготиімді жарықтандыруды енгізу арқылы 7 млрд кВт/сағ электр энергияны үнемдей алады», - деді А. Қабылбай.
Қазіргі таңда өзіміздің индустриямыздан шыққан отандық өнімдерімізді кез келген сауда орындарынан сатып алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз, дейді.
Сонымен қатар, Қабылбайдың айтуынша, энергетикалық тиімді жарықтандыру әдістерін енгізу әлеуметтік факторларға да байланысты. Аталмыш мақсатта жұмыс істейтін мекемелерде жұмыс сапасының артып келе жатқаны байқалады. Бұрын жарықтандыру деңгейі СанПиНа талаптарына сай келетін еді.
«Енді энергетикалық тиімді жарықтандыру әдістерін енгізе отырып деңгейімізді тағы да арттыра түстік. СанПиНа талаптарына сай келмейтін жарықтандыру әдістерін қолданатын мекемелерде адамдардың көздеріне ақау келуі мүмкін екені белгілі болуда. Бұл мәселені аталмыш технологияны енгізе отыра шеше аламыз», - дейді
Жалпы, А. Қабылбайдың айтуынша, Кедендік одақ елдерімен бірлесе жұмыс істеп, біріңғай техникалық талаптарды қабылдау керек.
Индира Қауметова