04.12.2014
«Жаңа үлгiдегi қазандық РФ-дағы «Сибэнергомаш» ААҚ-мен жылу электр орталығы қол қойған келiсiм аясында жеткiзiлген болатын. Ал, құрастыру жұмыстары 2012 жылы басталған. Қазандықтың пайдалы әсер коэффициентi 89 пайызға жеткен. Бұл, өз кезегiнде, бiр жылда 2,7 мың тонна көмiр үнемдеуге мүмкiндiк бередi», - делінген хабарламада.
Жаңа агрегаттың артықшылығы техникалық үрдiстi басқару жүйесiнiң толық автоматтандырылуында. Соңғы үлгiдегi техникамен танысқаннан кейiн өңiр жетекшiсi Ерiк Сұлтанов қазандықты iске қосты. Оның ерекшелiгi мен облысқа тигiзер пайдасы жайлы орталық директоры Виктор Бармин баяндап бердi.
«Қазандық сағатына 270 тонна бу өндiредi. Бұл ретте бұрынғыға қарағанда 60 мегаВатқа өсiм байқалады. Сондай-ақ, жылу берiп қана қоймай, соның iшiнде 3 мың тоннаға дейiн желiлiк суды ысытуға қауқарлы. Жаңа агрегат үкiмет пен әлемдiк қоғамдастықтың барлық талаптарына сай. Жылуды да, ресурсты да үнемдейдi. Шығыны да көп емес. Бұл, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев жүктеген мiндеттердi қалтқысыз орындауға мүмкiндiк туғызбақ»,-дедi Петропавл ЖЭО-2 директоры Виктор Бармин.
Сонымен қатар, биыл нөмiрi бiрiншi турбинаны алмастыру жұмыстары басталған. Ол 2015 жылы iске қосылады. Турбоагрегат станцияның жалпы қуаттылығын 21 Мегаватт-қа арттырады,-дейдi мамандар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектi Жолдауында энергетика, ТКШ жаңғырту жұмыстарын қолға алуды жүктеген болатын. Ерiк Хамзаұлы бұл бағытта облысымызда бiраз жұмыстың атқарылып жатқанын айтты.
Жалпы, нөмiрi екiншi жылу электр орталығында құрылғыларды жөндеу, жаңарту жұмыстары жылда жүргiзiледi. Мәселен, 2013 жылдың желтоқсанында төртiншi жаңа турбоагрегат қолданысқа тапсырылған болатын. Ал, 2015 жылы он екiншi қазандықты қайта қалпына келтiру жоспарланған. Сегiзiншi агрегат болса, бүгiннен бастап iске қосылды. Бұл мақсатқа 5,1 млрд теңге қаражат жұмсалған.