05.12.2014
«Соңғы үш жылда Франция Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына еніп, 5 орынға тұрақтады. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тауарайналымы 5 млрд долларға жуықатады. Тауарайналымының одан ары ұлғаятынына барлық негіз бар. Франция ірі инвесторлардың бірі болып табылады. 2005-2014 жылдар аралығында инвестиция көлемі 8 млрд еуроға жуық қаражатты құрады»,- деп хабарлады вице- министр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді.
«Екі елдің бизнесінің белсенділігі айтарлықтай артты. Француздық кәсіпкерлер бірлескен жобаларға көбірек араласа бастады. Қазақстандық кәсіпорындар француздық нарыққа шығу мүмкіндігін қарастыруда. Француздық серіктестерімізбен бірге ұшақтар, электровоздар, радиоэлектрониканы құрастырамыз. Тамақ өнімдері мен жоғары сапалы цемент өндіреміз»,- деді Е.Сағадиев.
Бұдан басқа, оның мәліметі бойынша, жақын арада бірлескен жер серігі, атом реакторлары үшін жанармай мен күн батареяларының өндірісін іске қосу жоспарланған. «Жеткен жетістігімізбен тоқалып қана қоймай, одан ары алға ұмытылуымыз керек»,- деп баса айтты вице-министр.
Камила Амирова