05.12.2014
Күтілгендей, форумда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Республикасының Президенті Франсуа Олланд сөз сөйлейді.
«Франция Президентінің Қазақстанға сапары аясында қос елдің білім беру министрліктері арасында екі келісімге қол жеткізіледі деп күтілуде. Біріншісі - диплом, университтеттік деңгей және оқу мерзімін мойындау. Келісім аясында Францияның барлық жоғарғы оқу орындары Қазақстанның орташа білімі туралы атестатты мойындайтын болады. Яғни, елімізде мектепті аяқтаған түлек онда бірден оқу орнынан тапсыра алады. Бұған дейін біздің отандастарымыз қосымша курстарға баруға міндетті болатын»,- деді А.Абылайхан.
Директордың орынбасары хабарлағандай, университтеттік ынтымақтастық, ғылым мен кәсіби білім беру саласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Франция Республикасының Ұлттық білім беру, жоғарғы білім бері мен ғылым министрлігі арасында келісімге қол қойылуда. «Аталмыш келісім аясында студенттермен аламасу, отандық студенттеріміздің фрацуздық кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өткізу көзделген Олар біздің мамандарымызды жұмыс берушілердің талабы бойынша дайындауда», - деп атап өтті жоғары, оқу орнынан кейінгі білім беру мен халықаралық ынтымақтастық департаменті директорынының орынбасары.
Бұдан басқа ол толықтырып өткендей, француздық серіктестер президенттік «Болашақ» бағдарламасына үлкен қызығушылық танытуда.
Серіктес оқу орындарының жұмыс сапары аясында 20-дан астам халықаралық келісімге отыру жоспарланған.
Камила Амирова