• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-ның  сыртқы тауар айналымы 2014 жылдың 9 айында  549,9 млн долларды құрады 06.12.2014

«Өңірдің экономикасын жаңарту үшін бүгін инвестиция қажет. Осы жылдың 10 айы бойынша негізгі капиталға 88,8 млрд теңге инвестицияланды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 110,5 пайызды құрады.Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі жұмыс істеп жатқан субъектілерден келеді, яғни 8,2 млрд теңге», - деді әкім.

Облыс азық-түлік пен өндірістік тауарларды, ұн мен электр қуатын сақтайтын материалдарды  экспорттайды.

«9 ай ішінде сыртқы сауда айналымы 549,9 млн долларды құрады, экспорт көлемі артты. Ал, импорт 50 пайызға төмендеп қалды. Сауда қарым-қатынасы 70 елмен орнатылғанға қарамастан ең басты сауда әріптестері КО елдері»,  - деді ол.

Облыс әкімі атап өткендей, бүгінгі таңда 12 елдің 18 делегациясымен келіссөздер жүргізілді. Меморандумдарға қол қойылып, ресми түрде бекітілді.

Камила Амирова


Back to the list