• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
KAZENERGY мен Энергетика министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 10.12.2014

Келісімге  Энергетика министрі В.Школьник пен KAZENERGY төрағасы Тимур Құлыбаев қол қойды.

«Энергетика министрлігімен заңнаманы жетілдіру бойынша ынтымақтастық құру біз үшін өте маңызды. Бұл мәселенің барлығы сала кәсіпорындарын қызықтырады. Сондай-ақ, бюджеттің кіріс саласы біздің салаға келетін инвесторлардың жағдайына байланысты. Біз белсенді әрі тұрақты жұмыс істедік», - деді Т.Құлыбаев.

Қазақстанның энергетика министрі В.Школьник атап өткендей, елдің энергетика саласында қойылған мақсаттарға «KAZENERGY» қауымдастығы, Үкімет және құзіретті органдар арқасында жетуге болады.

«Мұндай кең тапсырманы біздің қауымдастықтарды қосып отырған адамдардың біліктілігіне сүйенбей орындау мүмкін емес. Қорытынды көп күттірмейді деген үміттеміз», - деді министр.

Келісім Энергетика министрлігіне мұнай және газ саласында мемлекеттік саясатты орындауда қауымдастықтың кадрлық және қаржылық ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді.

Қауымдастықтың тарапынан министрлік қызметінің негізгі салалары бойынша ұсыныстары дайындауға белсенді араласу, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға серіктестік көрсету, энергетикалық сектордағы инвесторлардың қызығушылығына мемлекеттің жауап беруін кепілдендіру қызметі ұсынылады.

Оған қоса, кездесу барысында «KAZENERGY» қауымдастығын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін жүзеге асыруға тарту бойынша меморандум; KAZENERGY және «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум; «KAZENERGY» және «Челябі тұрба прокатының зауыты» ААҰ серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Камила Амирова 

 


Back to the list