11.12.2014
Кешенді бағдарламада көзделген жұмыстарды жүзеге асыруға 27 млрд 798 млн теңге қарастырылған. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен 17 млрд 808 млн, жергілікті бюджеттен 1 млрд 989 млн теңге бөлінбек. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындардың есебінен 8 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Қомақты қаржының 5,9 млрд теңгесі келесі жылы игерілетін болады. 2017 жылға қарай ашық нарықтағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызға азайып, жан басына шаққандағы инвестиция көлемін 447 мың теңгеге дейін арттыру көзделуде.
2017 жылға дейін жүзеге асырылаты инвестициялық жобалардың арқасында кәсіпорындарда орташа есеппен 500 жұмыс орны ашылмақ. Осылайша бір адамға шаққандағы табыс көлемі 53,4 мың теңгеге артады деп күтілуде. Шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны 1,2 есе өсіп, жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызға төмендейді.