• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да лауазымды қызметтегі әйелдердің санын арттыру мәселесі белсенділікті қажет етеді 12.12.2014

«Жолдаудың негізгі қағидаларына сәйкес әйел затын инфрақұрылымдық жобаларға барынша көптеп қатыстыру, жұмыссыздықты жою міндеті тұр. Айта кетерлік жайт, жұмыссыздық деңгейі - 5,2% көрсетіп тұрғанда, әйелдер арасындағы жұмыссыздық  - 5,5% құрады. Инфрақұрылымдық жобаларға құйылып жатқан қаржыларды барынша қайтарып алу үшін еңбек өнімділігін арттыру керек», - деді Г.Әбдіхалқова.

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, шағын және орта бизнестегі әйел кәсіпкерлерді жеңілдетілген шарттар бойынша несиелендіру жұмысын күшейту керек. «Оның үстіне, Жолдау аясында ШОБ дамыту үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінуде. Әйел кәсіпкерлер өздерінің бастамаларына қолдау табатынына сенімдімін», - деп сендерді ол.

Сонымен қатар, ол қабылданған шешімдер деңгейінде әйел  өкілін көбейткен жөн екенін тілге тиек етті. «Барлықтарыңыз білетіндей тұрақты дамуға дер кезіндегі және салмақты басқару шешімдерін қабылдау арқылы қол жеткізуге болады. Осы ретте лауазымды қызметтегі әйелдердің санын арттыру мәселесі белсенділікті қажет етеді», - деп атап өтті Г.Әбдіхалықова.

Камила Амирова


Back to the list