21.12.2014
Сұхбат барысында тараптар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыға салып, өзара іс-қимылдардағы саяси деңгейдің жоғарылығын, достас екі ел басшыларының аймақтық және халықаралық бастамаларын өзара қолдап отырудың дәстүрге айналғандығын ерекше атап өтті. Қазақстандық дипломат екіжақты және көпжақты ықпалдастық мәселелерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың иорданиялық сыртқы саяси мекемесінің басшысына арналған жолдамасын табыс етті.
Әлемде орын алып отырған аса аумақты әрі күрделі өзгерістер мен түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу, сондай-ақ Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту және мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еліміздің Тұңғыш Президенті әрдайым болашаққа бағытталған саясатын айқындап отыратыны хабарланды. Осыған байланысты Елші А.Бердібай осы жылғы 11 қарашада Елбасының Қазақстан халқына бағытталған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі тұжырымдамаларымен таныстырды.
Н.Джуда ҚР Президентінің Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге, инфрақұрылымдарды жетілдіру жобаларын дамытуға, инвестициялық климат пен шағын және орта бизнестің ахуалын жақсартуға бағытталған батыл қадамдарына жоғары баға берді. Екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды нығайту жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.