19.12.2014
«Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік тапсырысы аясындағы «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің беделін арттыруды насихаттау бойынша ақпараттық саясат» жобасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылуда. Онда басты мақсат халық арасында дәрігерлердің беделін арттыру. Бұл өз кезегінде пациент пен дәрігер арасындағы қатынасты реттеуге бағытталған», - дейді депутат.
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықтың медицина мамандары мен ондағы көрсетілетін қызметтерге аз да болса көңілдерінің толмайтыны байқалады. «Жалпы пациенттер мен дәрігерлер арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда қоғамдық бірлестік аталмыш жобаны іске асыруда. Жоба арқылы медицина саласына медиация тәсілін енгізу қажет-ақ. Өйткені медиация дәрігер мен пациенттің арасында мәселені өзара бірлесе қарауға мүмкіндік беретін жалғыз жол. Осынау кері байланыс арадағы келіспеушіліктердің алдын алады», - дейді.
Сонымен қатар, төменгі палата депутаты халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша халықтың басым көпшілігінің медицина қызметтеріне көңілдерінің толатынын айтты.
«Пациенттенттердің 32 пайызы кезектің көптігі мен медицина қызметкерлерінің жауапсыздығына шағымданса, 62 пайызы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына көңілдері толады, ал тек 6 пайызы ғана медициналық қызметтердің сапасы нашар екенін алға тартады», - деп түйіндеді өз сөзін «Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ төрайымы.
Бауыржан Мұқанов