• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында мемлекеттік меншіктің 100 нысаны  сатылды 20.12.2014

«Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде ағымдағы жылы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік меншік объектілерін сату кестесіне сәйкес 203 объекті сатуға қойылып, 100 нысан сатылды. Атап айтқанда, республикалық меншік бойынша 4 объекті, коммуналдық – 43, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы – 38 және холдингтер объектісі – 15», - деді М.Әбілқасымова. 

Жалпы бастапқы бағасы 6 061 млн теңге болып, сатылу бағасы 7 387 млн теңгені құрады

Сондай-ақ, вице-министр мемлекеттік меншік құрылымын қайта құру бойынша заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданғанын атап өтті.

«Заң жобасы барлық мемлекеттік ұйымдарды екі топқа: мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін құрылған мемлекеттік мекемелерге және әлеуметтік маңызы бар қоғамдық функцияларды іске асыру үшін құрылған мемлекеттік кәсіпорындарға бөлуді көздейді», - деп қосты ол.

Индира Қауметова 


Back to the list