08.01.2015
Стипендия бакалавриат пен магистратура және PhD докторантура бағдарламалары мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және орындаушылық шеберлік саласында ғылыми тәжірибеден өтуге ниетті талапкерлерге арналған.
Ведомстваның хабарлауынша, стипендияға үміткерлер білім алуға жеткілікті деңгейде ағылшын тілін меңгеруі керек. Сонымен қатар магистратура, PhD докторандурасы мен театр өнері және архитектура саласында тағылымдамадан өту үшін алдын ала зерттейтін дүниесі бойынша аннотация құрып, дайындықтың жоспардағы бағыты бойынша зерттеу жұмыстарының болуы қажет.